jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар емханаға түсті

    : UGC

    Маңғыстау облысы Шетпе ауылында ел арасында "мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар ауруханаға түсті деп хабарлайды 31 арна.

    Алшын Меңдатұлы атындағы орта мектептің 6-сынып оқушылары косметикалық бұйымды дүкеннен сатып алып, сабақ үстінде кезекпен сепкен көрінеді.

    Иіс суды дүкеннен ағасы сатып әперіпті. Иіс судың жағымды исі ұнаған соң, мектепке сеуіп барады. Сыныптағы бес құрбысы да қызықтап, қолданған. Бірақ көп уақыт өтпей жеткіншектер өздерін нашар сезіне бастайды.

    Денелері тартылып, әлсіздіктен бастары айналады. Артынша бірден алты қыз ауруханаға түседі.

    "Мен сеуіп келдім. Сосын қыздар септі. Мен оның қауіпті екенін білген жоқпын. Маған ештеңе болған жоқ. Қалған қыздар шетінен әлсіреп бастады",- дейді оқушы Гүлімай Дүйсен.

    Алғашқы ем қабылдағаннан кейін жағдайлары жақсарған оқушылар қазір сабақтарына барып жүр екен. Мұсылмандық косметикаларды сататын дүкен мешіт пен мектептің дәл қасында орналасқан. Белгісіз біреулер мұсылмандық иіс майлары мен иіссуларды тіпті тегін таратып та жүр дейді оқушылар.

    "Осы жағдайдан кейін Маңғыстау аудандық білім бөлімі облыстағы барлық мектеп директорларына шұғыл тапсырма берген. Бұдан былай балаларға мектепке косметикалық бұйымдарды алып кіруге қатаң тыйым салынды", - дейді Маңғыстау аудандық ауруханасының директоры Жанар Нұрлыбаева.

    Ата-аналарға, оқушыларға, мұғалімдерге ескертіп түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Заттарды алмауын айттық. Бұрын мұндай болмаған. Қазір балалар жақсы, сабақта жүр", - дейді .Меңдалыұлы атындағы орта мектептің директоры Қалжан Еңсегенова.

    Иіссудың құрамын СЭС мамандары тексеріп жатыр. Сараптама қорытындысы үш күннен кейін дайын болады дейді. Ал жергілікті прокуратура өкілдері мұсылмандық бұйымдар сатылатын дүкен қожайынын жауапқа тартатынын мәлімдеді.

    Тағы оқыңыздар:

    Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешірді

    ОҚО әкімі елбасының саясатына қарсы шығатындарды қорқытты

    Танымал қазақ футболшысы төрешіні балағаттағаны үшін дауға қалды

    Тәжікстанда 82 жастағы кейуана өзіне қарайласпаған ұлын сотқа берді

    Рейхстагқа ту тіккен қазақ батырына Астанадан ескерткіш қойылды (фото)

    "Мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар емханаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.