jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АЖ
    Айжан Жолдасбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада баласына пластикалық ота жасатуға құмар ата-аналар көбейген

    : UGC

    Астанада пластикалық отаны ересектер ғана емес, кішкентай балалар да жасататын болған. Пластикалық хирургияда үлкен тәжірибесі бар дәрігер Константин Демин сұлулық үшін құрбандыққа баратын жандар туралы NUR.KZ порталына сұхбат берді.

    Фото: region-59.com
    Фото: region-59.com: UGC

    Хирургтың айтуынша, бүгінде әйелдер мен ер азаматтар ең көп жасататын пластикалық ота түрлері бірдей болып келеді. Бірінші орында "блефопластика" - жоғарғы және төменгі қабақты тарту.

    Екінші орында - бет терісін тарттыру. Сондай-ақ үшіншісі - құлақ қалқанын түзету, ал әйелдерде сүт безі мен дене сымбатына жасалатын оталар екен.

    Оған қоса, ата-аналар жас балаларының құлақ қалқанын түзету үшін отаға алып келетін көрінеді. Алайда дәрігерлер келген баланың барлығын бірдей қабылдай бермейді екен. Оны алты жастан асқан, отаны толық түсініп, келісімін берген балаларға ғана жасайтын көрінеді.

    Маманның сөзіне сүйенсек, хирург көмегіне жүгінетін кей қыз-келіншектер жарнамадағы қыздардың суретін көрсетіп, осындай болғым келеді деп айтады екен.

    "Келушілердің 90 пайызы алғашқы 3-4 ай бойы отаға көңілі толмай жүреді. Бір нәрсені түсіну керек, отаны жасатқан соң біраз уақытқа дейін қалпына келу процесі жүреді. Ол адамның жас шамасына, отаның күрделілігіне байлынасты екі аптадан бір айға дейін созылуы мүмкін.
    Тері толық қалпына келіп, әдемі көрінуі үшін алты айдай уақыт кетеді. Ота жасатқан адамдардың ризашылығы да сол кезде пайда болады", - дейді Константин Демин.
    Астанада баласына пластикалық ота жасатуға құмар ата-аналар көбейген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.