jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ғалымдар: Тарақандар адамның құлағына кіргенді жақсы көреді

    : UGC

    Американың Солтүстік Каролина университетінің мамандары адамдардың құлақтарына тарақандардың кіріп кету себептерін түсіндіріп берді. Мәселенің бәрі - құлақ каналында. Канал жәндіктерді өздеріне қарай тартады екен. Бұл туралы life.ru сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

    Көрнекі фото: netblohi.ru
    Көрнекі фото: netblohi.ru: UGC
    "Тарақандар жылы әрі дымқыл ортаны қалайды. Ал біздің құлақ болса тура сондай", - деді энтомолог-маман Коби Шаль.

    Оның айтуынша, құлық иісі тарақандарды өзіне қарай тартады. Себебі оның иісі ашытқы мен наны бар сыраға ұқсайды. Ең қиыны, құлақ ішіне кіріп кеткен тарақан өздігінен шыға алмай қалады. Кейде олар оның ішінде бір апта бойы да жата береді.

    Дәрігердің айтуынша, құлағында бөгде нәрсе барын сезген адам одан құтылуға асығады. Ол, біріншіден, қауіпті. Өйткені барабан пердесіне зақым келуі мүмкін. Екіншіден, тарақандарда түрлі бактериялар болады. Олар өз кезегінде түрлі жұқпаларға шалдықтыру қаупі бар.

    Коби Шаль құлағына тарақан кіріп кеткен адамдарға дереу жедел жәрдемге хабарласуға кеңес берді.

    Ғалымдар: Тарақандар адамның құлағына кіргенді жақсы көреді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.