jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматылық бес жасар бүлдіршін жыл сайын қартайып бара жатыр

    : UGC

    Бес жастағы Динаның анасы оны "өзгеғаламшарлыққа" теңейді. Себебі балақай өте сирек кездесетін прогерия, яғни адам тез қартаятын сырқатқа шалдыққан. Қазіргі таңда бес жасар қыздың биологиялық жасы 50-де. Баланың шаштары түсіп кеткен және ол кәдімгі балаларға мүлдем ұқсамайды деп хабарлайды NUR.KZ.

    Жеке мұрағаттағы суреттер.
    Жеке мұрағаттағы суреттер.: UGC

    Анасы Ирина Вдовиченконың айтуынша, бала дүниеге сау келіп, қалыпты бойы мен салмағымен, кесар тілігі арқылы туған. Тек баланы шығарып алғаннан кейін анасы оның ішіндегі күйік секілді дақты байқап, аяқтарындағы қатты әрі апельсин қабығы секілді теріні аңғарып қалған.

    "Динаға бір ай болғанда алғашқы диагнозын невролог қойып берді. Жүйелі склеродермия мен дерматомизит. Бір жасына дейін Динаның терісі жұмсақ әрі тегіс болатын, алайда бір жарым жасында бәрі өзгере бастады: шашы түсіп, жүзі өзгеріп, салмақ жинамай, өспей қойды. Емделу мен терапия тек уақытша әсер беретін", - деді Ирина.
    Жеке мұрағаттағы суреттер.
    Жеке мұрағаттағы суреттер.: UGC

    Балақай екі жасқа толғанда оған мүгедектік берілді. 2018 жылдың басындағы соңғы госпитализациядан кейін генетик "прогерия" диагнозын қойып берген. Бүгінде Динаның бойы - 90 сантиметр, ал салмағы - 10 килограмм.

    "Динуля өте тілтабысқыш, ақылды, ән айтқанды, билегенді, мысықтарды ұнатады әрі жомарт. Емделіп кетіп, шашының тез өскенін қалайды, сондай-ақ теңізге барып, Парижде болғысы келеді. Әрине, көп ойыншығының болғанын да қалайды", - дейді балақайдың анасы.
    Жеке мұрағаттағы суреттер.
    Жеке мұрағаттағы суреттер.: UGC

    Ирина шетелдегі ем мен генетикалық зерттеуден өтуге ақша жинап жатыр. Балақайды өзі жалғыз асырап отыр екен. Өздерінің жеке үйлері болмағандықтан ағаларымен қоса тұратын көрінеді.

    ДИНАҒА АРНАЛҒАН КӨМЕКТІҢ РЕКВИЗИТТЕРІ:

    KAZKOM картасы: 4003 0327 5981 9537

    Каспи картасы: 5169 4931 5493 1748

    Карталар анасы Вдовиченко Иринаның атына жазылған.

    ИИН 750203402696

    Qiwi кошелек: +77017341590

    PayPal: irinasan2018@mail.ru

    Билайн картасы +7 771 470 65 07

    Яндекс кошелек 4100 1582 99 89 474

    https://www.instagram.com/help_dinule/

    https://vk.com/id462803142

    https://www.facebook.com/profile.php?id=100023619961926

    Журналист: Алия Абсеметова

    Алматылық бес жасар бүлдіршін жыл сайын қартайып бара жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.