jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Ат үстінде қиын трюк жасаған": Қазақстандық цирк әртісі Қытайда комаға түсті

    : Instagram

    Қостанай қаласының тумасы 17 мамырда Қытайдың Гуанчжоу қаласында комаға түсті. Алдын ала болжам бойынша, оған сепсис диагнозы қойылуы мүмкін деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    Қазақстандық цирк әртісі Қытайда комаға түсті
    Фото: © Sputnik / Евгений Биятов: Instagram

    Дерттің нақты себебі сараптама қорытындысы бойынша белгілі болады.

    Ер адамның денсаулығының күрт нашарлауына денесіндегі сынықтар себеп болуы да мүмкін. Қазақстандық циркте ат үстінде қиын жаттығулар жасаған.

    Басылым әртістің карьерасын Рудный қаласындағы "Юность" цирк студиясында бастағанын жазады. Ол Алматыдағы цирк училищесін тәмамдаған. Кейін Қытайда жұмыс істеуге ұсыныс түсіпті

    Ата-анасы Рудныйда тұрады, ер адам Қытайда әйелі және баласымен болған. 

    Қазақстан елшілігі ер адамды елге жеткізуге көмектесетінін хабарлады. 3 маусымда Қытай Қазақстанға медициналық көмек тиелген ұшақ жібереді. Алайда ер адам комадан шықпаса, тасымалдау мүмкін емес екені айтылды.

    Қытай клиникасындағы реанимациялық палатада бір күн жату 1 500 доллар. Қазақстандық қытайлық циркпен келісімшарт жасасқан. Алайда сақтандыру емделуге жұмсалатын шығынды өтеуге жетпейді.

    Клиникадағы 10 күн үшін ер адамның туыстары 25 мың доллар төлеген. Бұл ақшаны жинауға цирк директоры, әріптестері мен туыстары көмектескен.

    Ер адамның ата-анасы пәтерін сатыпты. Дегенмен бұл қаражат та жетпей отыр. Амалы таусылған туыстары қазақстандықтардан көмек сұрап жатыр.

    Айта кетейік, Шымкентте жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болып, 17 жастағы тұрғын комаға түсті. Жеткіншектің туыстары Елжан Біртановқа жүгініп, баланың емімен астаналық дәрігерлер айналысқанын қалап отыр.

    "Ат үстінде қиын трюк жасаған": Қазақстандық цирк әртісі Қытайда комаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.