jitsu gif
Денсаулық

    Көзінің сарғыш түсіне шағымданған бойжеткен айықпас дертке шалдыққанын білген (фото)

    Сарғыш көз
    Көрнекі сурет: Shutterstock / sruilk

    Австралиядағы Аделаида қаласының тұрғыны көзінің сарғыш түсіне шағымданып, дәрігерлерге қаралғанда айықпас дертке шалдыққанын білген деп жазады Daily Mail.

    25 жастағы Челси Ла Френтц (Chelsey La Frentz) көзінің сарғыш екенін байқаған соң дәрігерге жүгінген. Сонымен қатар, оның тамақтанғаннан кейін жүрек айнып, денесі қыши бастаған.

    Дәрігер оған қосымша тексерулер жүргізу қажеттігін айтып, алаңдайтын ештеңе жоқтығына сендіреді. Ақ халатты Челсидің көзі сарғыш болып көрінуіне ол киген ашық сары киім себеп болуы мүмкін деп пайымдайды.

    Көп ұзамай Челсидің денсаулығы нашарлап, жансақтау бөліміне түседі. Оны бүкіл денесі сарғайып, денесін бөрте бастайды. Дәрігерлер пациентке МРТ жасап, оның өт қабында қатерлі ісік барын анықтайды.

    Бойжеткен
    Челси. Фото: chelsey_lafrentz / Instagram

    Челсидің ота мен химиотерапиядан кейін біраз уақыт жағдайы жақсарғанымен, қатерлі ісік қайта асқынған. Қазір оның ауруы асқынудың соңғы сатысына дейін жеткен.

    Осы орайда бойжеткен өзге жандарды симптомдар пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырады.

    Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияда бойжеткен жылдар бойы тырнағы қатерлі ісік салдарынан қарайып жатқанынан мүлде бейхабар болғанын жазған едік. Ол қарайған тырнағын лакпен жасырып келген.

    Абырой болғанда, тырнақты алып тастау отасы сәтті өтіп, ол қауіпті дерттен аман қалған болатын.

    Одан бөлек, қатерлі ісік тудыратын меңді қарапайым меңнен қалай ажыратуға болатыны туралы жазған болатынбыз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.