jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Былтыр 200-дей жағдай тіркелген": алматылықтар тері ауруларын жиі жұқтыратын болған

    бойжеткен
    Бойжеткен. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматылық дерматолог-дәрігерлер тері ауруларына шағымданушы адамдардың саны артып жатқанына алаңдаулы. Жыл басынан бері 26 адам жүгінген, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Адамдар жиі терінің дерматофитозына шағымданып жатады. Қоғамдық орындарда түрлі аурулар тез таралады, оның ішінде тері аурулары да бар. Солардың бірі - қышыма. Оның белгісі - тері қышиды, әдетте қышу кешкі уақытта басталады. Зең аурулары да сондай жерден жұғады. Сондықтан сақтық шараларын ескеріп жүру керек, яғни аурудың алдын алу үшін жеке бас гигиенасын сақтау керек", - дейді дерматолог-дәрігер Бибігүл Кенжебаева.

    Дәрігерлердің мәліметінше, 2022 жылы Алматыда тері ауруын жұқтырған 200-дей адам тіркелген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Биыл қаңтардың басынан бері 26 жағдай тіркелген.

    Осы орайда, дерматолог-дәрігерлер дүкендер мен бутиктерде мүмкіндігінше абай болуға шақырады. Дерматологтар сатып алатын киімді жалаңаш денеге киіп көрмеуге кеңес береді. Олар жаңа киімді киіп көру үшін тұтынушыларға оны өз киімінің үстінен киюді ұсынады.

    Сондай-ақ мамандар теріні инфекциядан қорғау үшін сатып алған киімді алдымен мұқият жуып, содан кейін жақсылап үтіктеп киюге кеңес береді.

    Дереккөз: КТК арнасы

    "Былтыр 200-дей жағдай тіркелген": алматылықтар тері ауруларын жиі жұқтыратын болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.