jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматылық әйел 45 жыл бойы тізесіндегі инемен жүрген

    Тігін машинасының инесі
    Тігін машинасының инесі. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Алматылық келіншек 45 жыл бойы тізесіндегі тігін машинасының инесімен жүрген. Соңғы уақытта ғана қатты ауырсыну сезген әйел дәрігерге жүгінген. Бұл туралы Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы NUR.KZ тілшісіне хабарлады.

    Белгілі болғандай, алматылық әйел бала кезінде жарақат алған.

    "Бұл мені осы уақытқа дейін қатты мазаламады, тек биыл ғана ауырсынулар күн сайын күшейе түсті. Ақсақтық пайда болды. Сондықтан мен ауруханаға бардым. Дәрігерлер рентген жасап, ота жасау қажеттігін айтты", - дейді науқас.

    Орталық қалалық клиникалық аурухананың травматолог дәрігерлері бөгде затты алып тастау үшін жарты сағатқа созылған ота жасады. Отадан кейін әйел аяғының ауырғаны басылып, қайтадан қалыпты жүре бастаған.

    Жылдар бойы әйелдің денесінде болған ине қапталып қалған, дейді травматолог Дәулет Чукманов. Оның айтуынша, ота сәтті өткен.

    Сонымен қатар алматылық әйел дәрігерлерге кәсіби шеберліктері үшін алғысын білдірді.

    "Аурухана қызметкерлеріне кәсібилігі, мейірімді қарыс-қатынасы және науқастарға деген көңілі үшін алғыс айтқым келеді. Оларға денсаулық, бақыт, мақсаттарына жетуін тілеймін", - деді ол.

    Алматылық әйел 45 жыл бойы тізесіндегі инемен жүрген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.