jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау облысында қарақұрт қаптады

    Қарақұрт
    Қарақұрт. Көрнекі фото: pixabay.com

    Атырау облысындағы Индер ауданында қарақұрт 10 адамды шағып, ауруханаға түскен. Оларға дәрігерлік көмек көрсетілген. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.

    Телеарна мәліметінше, Индер ауданында қарақұрт шаққан адамдарға дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетіліп, қазір олар ауруханадан үйіне шыққан.

    Аудан әкімдігінің сілтеме жасаған телеарна хабарлауынша, Атырау облысындағы Көктоғай, Елтай және Бөдене ауылдарында жағдай ушығып тұр. Бүгінге дейін 124 түйені қарақұрт шағып, оның он алтауы өлген. Қалғанын тұрғындар емдеп алған.

    Мамандар қарақұрт тек түйелерге ғана емес, жылқы мен сиырға да зиянын тигізіп жатқанын атап өтті. Мамандардың сөзінше, күн ысыған сайын қарақұрттың уы күшейе береді.

    "Осы қарақұрт шаққан малдарыңызды жедел түрде ветеринария мамандарына хабарлап, емдік шараларын тездетіп алуларыңызды сұраймыз. Былтырғы көрсеткішке қарағанда биылғы көрсеткіште қарақұрт шағу өте жоғары темпте көрсетіп отыр", - дейді Индер аудандық ветеринариялық станция басшысының орынбасары Ержан Әбішов.

    Атырау облысында қарақұрт қаптады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.