Бір тістегені жеткілікті: Ресейде 76 адам шаурмадан жаппай уланып қалды
Опубликовано:
Ресейдің Владимир қаласында шаурмадан уланған 76 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Бұл туралы Gazeta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
15-17 тамыз аралығында Владимир қаласында шаурма деген тұрғындар жаппай жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Бүгінде шаурамадан уланған адамдар саны 76-ға жетті. Олардың ішінде 19 бала бар.
Шаурмадан уланған барлық адамның дене қызуы жоғарылап, құсып, іші өте бастаған.
34 адам аурухунаға жатқызылды, оның ішінде 11 бала бар. Сондай-ақ 42 адам сырттан ем алуда.
Зардап шегушілердің жағдайы орташа деп бағалануда.
Анастасия есімді қала тұрғынының айтуынша, ол күйеуі жеп отырған шаурмадан бір-ақ рет тістеген. Аурухана төсегіне таңылу үшін осы да жеткілікті болған.
Мұндай белгілер күйеуінен де байқалады. Қазіргі таңда адамдардың жаппай улануына тағамда сальманеллоның табылғаны себеп болып отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2033200-bir-tistegeni-zetkilikti-reseide-76-adam-saurmadan-zappai-ulanyp-qaldy/