jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Оқу-ағарту министрлігі Түркістан облысында мектепте болған жайтқа қатысты мәлімдеме жасады

    Сынып
    Сынып. Көрнекі фото: pixabay.com

    Оқу-ағарту министрлігі Сарыағаш ауданында мұғалімдер мен оқушылардың иіс тиіп, жаппай улану фактісіне түсініктеме берді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жаппай тамақтан улану туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

    Білім басқармасының мәліметінше, дүйсенбі күні таңертең балалар бояу иісінен жайсыздық сезінген. Жедел жәрдем шақырылды. Балалар ауруханада бір сағаттай жатып, кейін үйлеріне жіберілді. Қазіргі уақытта мектеп оқушылары онлайн форматта оқуын жалғастыруда", - делінген Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарламасында.

    Комитет өкілдері жалған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырды. Қазіргі уақытта бұл жағдайды зерделеу үшін жұмыс комиссиясы құрылған.

    Ал, облыстық білім басқармасының мәліметінше, бұл факт бойынша аудандық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

    Айта кетейік, 5 ақпанда Түркістан облысындағы №9 мектепте оқушылар мен мұғалімдер өзін жайсыз сезіне бастаған. Мектеп медбикесі жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем қызметі мектептен 29 оқушы мен 10 мұғалімді медициналық тексеруден өткізу үшін ауруханаға алып кеткен.

    Оқу-ағарту министрлігі Түркістан облысында мектепте болған жайтқа қатысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.