jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Министрлік Таиландқа баруды жоспарлаған қазақстандықтарға ескерту жасады

    Таиланд
    Таиланд. Көрнекі сурет: Getty images

    Туризм және спорт министрлігі Таиландқа баратын қазақстандықтарға үндеу жолдады: елде сібір жарасының таралу қаупі бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Ашық дереккөздерге сәйкес, Таиландтың Бурирам провинциясы жақын маңдағы Лаоста үш жағдай анықталғаннан кейін, ауыр бактериялық ауру болып табылатын сібір жарасының қаупі бары туралы ескерту жасады. 

    Сібір жарасы жануарлардан адамға, мысалы, ірі қара мен буйволдың шикі етін жеу арқылы жұғуы мүмкін", – делінген Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.

    Сібір жарасы - бұл сібір жарасы таяқшасынан туындаған ауыр және қауіпті жұқпалы ауру (грам-позитивті спора түзетін бактериялардың бір түрі, сібір жарасының қоздырғышы), ол мал тұтынатын топыраққа немесе шөпке жұғады. Малдың бактерияларды жұтуы көбінесе қанның қараюына және өлімге әкеледі. Сондықтан кез келген етті қолданар алдында мұқият дайындау керек. 

    Осыған байланысты Туризм министрлігі демалыста сақтық шараларын сақтауды және шығу тегі күмәнді тағамдарды тұтынудан бас тартуды ұсынады. Ал Таиландқа баратын қазақстандықтарға осы вирусты жұқтыру фактілері тіркелген және таралған жерлерге бармауға кеңес береді.

    Министрлік Таиландқа баруды жоспарлаған қазақстандықтарға ескерту жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.