jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Дәрігерлер Мальдивке демалуға баратын қазақстандықтарға үндеу жасады

    Мальдив аралдары
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Мальдив аралдарында "чикунгунья" инфекциясы өршіді. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы бұл туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды орталыққа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство мәліметінше, 28 мамырда АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) Мальдив аралдарының Мале және Хулхумале аймақтарында "чикунгуньяның" өршуі туралы хабарлады.

    Чикунгунья – адамға масаның шағуы арқылы жұғатын "чикунгунья" вирусынан туындаған ауру. Африка, Америка, Азия, Еуропа, Кариб теңізі, сондай-ақ Үнді және Тынық мұхиттарын қоса алғанда әртүрлі елдерде бұл ауру өршіп тұр.

    "Чикунгунья белгілері ауру жұқтырған маса шаққаннан кейін 3-7 күн өткен соң білінеді. Ең көп таралған белгілері – қызба және буын ауруы. Бас ауруы, бұлшықет ауруы, буындардың ісінуі немесе бөртпе сияқты басқа белгілері де болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

    Өте ауыр аурудың қауіп тобына жаңа туған нәрестелер, босану кезінде инфекция жұқтырғандар, егде жастағы адамдар (65 жастағы және одан жоғары) және жоғары қан қысымы, қант диабеті немесе жүрек ауруы сияқты аурулары бар адамдар жатады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.