jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте шала туған нәрестеге екі күрделі ота жасалды

    Нәресте
    Нәресте. Фото: instagram.com/ rsk_shymkent

    Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм салмақпен ауыр халде дүниеге келген. Күрделі ота барысында сәбидің іш қуысына шыққан кіндік жарығы жойылып, бауырдағы киста сәтті алынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Нәрестенің денсаулығына қатысты ақпарат Шымкент қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

    Күрделі операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде неонаталды хирургия саласының ең заманауи әдістерін қолдана отырып, жоғары білікті мамандардың қатысуымен жүргізілген. Қазіргі таңда сәби арнайы медициналық құрылғылардың көмегімен дәрігерлік бақылауда.

    "Нәресте ішкі ағза қуысының патологиясымен ауыр халде дүниеге келді. Диагностика жүргізіліп, кіндік жарығы мен үлкен көлемді киста анықталды. Шұғыл ота жасау шешімін қабылдадық. Алдағы уақытта сәби тұрақты бақылауда болады. Мұндай күрделі неонаталды операциялар жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтауға мүмкіндік береді",- дейді Шымкент қалалық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің неонаталды ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Будукова.

    Қалалық перинаталдық орталығында неонаталдық хирургиялық операциялар биылдан бастап жүргізіле бастаған. Осы уақыт аралығында ішкі ағзаларының ақауымен туылған 40-там астам сәбиге күрделі ота жасалған.

    Жаңа туған нәрестелерге реанимациялық және қарқынды терапия қызметін көрсететін бөлімшеде неонаталдық хирург, анестезиолог-реаниматолог және неонатолог-реаниматолог дәрігерлері жұмылдырылған. Перзентханада сондай-ақ асқазан-ішек жолдарына ота жасалған балаларға күтім жасауға ерекше көңіл бөлінген.

    Шымкентте шала туған нәрестеге екі күрделі ота жасалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.