jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шымкентте қан қысымын төмендету үшін сірке суын ішкен әйел ауыр халде ауруханаға түсті

    Аурухана
    Аурухана. Көрнекі фото: Getty Images / Alexandra Pavlova

    Шымкентте қан қысымын төмендету үшін сірке суын ішкен әйел ауыр халде ауруханаға түсті. Дәрігерлер өз-өзін емдемек болған келіншекті аман алып қалды, деп хабарлайды Otyrar.kz Telegram-дағы арнасында.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, 53 жастағы әйел қан қысымын халық әдісімен төмендетуге тырысып, ғаламтордан кеңестер оқып, куркума мен алма қосылған сірке суын ішкен. Алайда науқаста анафилактикалық шок пайда болып, аса ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

    Дәрігерлер келіншектен тері мен шырышты қабықтың кең зақымдануымен сипатталатын аллергиялық буллезді дерматиттің ең ауыр түрі — Лайелл синдромын анықтады. Келіншек екі күн бойы аса ауыр халде жатқан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.