jitsu gif
Денсаулық

    Дәрігерлер Таразда соққыға жығылған депутаттың жағдайы туралы айтты

    Жедел жәрдем көліктері
    Жедел жәрдем көліктері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Таразда соққыға жығылған Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиевтің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық көп бейінді ауруханаға жақ сүйегі сынған, терісінде жарақаты жоқ науқас түсті.

    Жарақат алған адам мекемеде кешкі сағат 19:00 мен түнгі сағат 01:00-ге дейін болған. Қабылдау бөлімінде медициналық көмек толық көлемде көрсетілді.

    "Оған әрі қарай тексеру, бақылау және қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жатқызу ұсынылды, бірақ ол емдеуден үзілді-кесілді бас тартты. Дәрігерлер бас тартудың ықтимал салдарын, оның ішінде асқыну қаупі барын түсіндірді, бірақ науқас саналы түрде шешім қабылдап, ауруханадан шықты", - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

    Еске сала кетейік, бұған дейн Таразда аудандық мәслихат депутаты соққыға жығылғаны туралы желіде ақпарат тарағанын жазған едік. Полиция бұл фактінің болғанын растады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.