jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бестеректегі жол апаты: зардап шеккен екі бала ауруханадан шығарылды

    Ауруханда жатқан бала
    Ауруханда жатқан бала. Иллюстрациялық фото: Golfcuk/Getty Images

    Абай облысы Үржар ауданының Бестерек ауылында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен үш баланың екеуі ауруханадан үйлеріне шығарылды. Бұл туралы Астанадағы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғасынан жарақат алған үш баланың екеуі 20 тамызда Үржар аудандық ауруханасынан санитариялық авиация бортымен Астанадағы №2 Көп бейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізілген болатын.

    Балалар ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер зардап шеккен балаларға күрделі операциялар жасап, толыққанды ем жүргізген. Нәтижесінде 4 қыркүйекте балалар үйіне шығарылған.

    "Дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында балалардың өмірін аман алып қалу мүмкін болды. Ата-аналары балаларының қайтадан күлімдеп жүргенін көріп, дәрігерлерге шын жүректен алғысын айтты.

    Ең бастысы – олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Алдағы уақытта оңалтулары жеңіл өтіп, тек денсаулық пен бақытты балалық шақ тілейміз", - делінген Астана қалалық №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы таратқан хабарламада.

    Айта кетелік, қазір ауруханада жол апатынан зардап шеккен 2015 жылы туған бала қалып отыр. Ол аудандық ауруханадан Семей медицина университеті госпиталінің балалар бөлімшесіне жеткізілген болатын.

    Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы әлі ауыр, комада жатыр. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, оған барлық қажетті емдік-диагностикалық шаралар жүргізілуде.

    Бестеректегі жол апаты: зардап шеккен екі бала ауруханадан шығарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.