jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Көбінің аяқ-қолы сынған": Ауғанстанда болған қазақстандық дәрігерлер тұрғындарға қандай көмек көрсетті

    Дәрігер
    Дәрігер. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Қарашаның басында Ауғанстанда болған жойқын жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге жәрдем жасау мақсатымен барған қазақстандық 13 медицина қызметкері он күндік миссияны орындап, елге оралды, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

    Қарашаның үшінде Ауғанстанның солтүстігінде жер сілкінді. Зілзаланың күші 6,3 балға дейін жеткен. Дүмпу ошағы Мазари-Шариф қаласының маңында 28 шақырым тереңдікте тіркелді. Алғашында жиырма адамның қаза тауып, 320 тұрғынның жарақаттанғаны туралы ақпарат шықты. Құтқару қызметтері апаттың ауқымы мен жапа шеккендердің санын анықтауға кірісті.

    Араға санаулы күн салып, Кабул қаласына қазақстандық дәрігерлер жіберілген болатын. Гуманитарлық миссиясын орындаған ақхалаттылар елге оралды.

    "Мәселен, біз болған аурханада күнделікті 50-ден астам адамды қабылдадық. Көбінің аяқ-қолы сынып, жарақаты асқынып кеткен. Олардың кейбіріне ота жасадық. Ауғаныстанда МРТ сияқты заманауи техника жеткіліксіз. Соған байланысты белгілі қиындықтар туындады. Дегенмен біздің мамандар өз біліктілігін көрсетті", - дейді Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры Олжас Бекарысов.

    13 адамнан құралған қазақстандық топта хирург, нейрохирург, травматолог дәрігерлері мен жедел жәрдем және өзге де медицина мамандары бар. Олар науқастарды орналастыру, хирургиялық емдік шаралар жасау және бірлескен талдау жүргізуге қолғабыс етті.

    "Біз сол елдің мамандарына көмегімізді беруге тырыстық. Сол жақта құрал-сайманның жетпей жатқанына қарамастан, 12 ота жасап, тәжірибемізді бөлістік. Біз олардан да көп нәрсені үйрендік", - дейді дәрігер-нейрохирург Нұрәлі Әшіров.

    Қазақстандық дәрігерлер ауған жеріндегі үш ауруханада жұмыс істеген. Он күнде шамамен 300-ден астам науқасты қабылдап, 50-ден аса ота жасаған.

    Айта кету керек, Қазақстаннан Ауған еліне 18 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілген болатын. Дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар мен шатыр сияқты тұрмысқа қажетті тауарлар жеткізілген.

    Авторлар: Ерәдулет Ыбырайұлы, Мейрамбек Кайыркелды

    "Көбінің аяқ-қолы сынған": Ауғанстанда болған қазақстандық дәрігерлер тұрғындарға қандай көмек көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.