jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Денсаулық сақтау министрлігі: Еліміздегі стоматологияларды жаппай тексеру жоспарда жоқ

    тіс емдету
    Тіс емдету. Көрнекі фото: pixabay.com

    Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі стоматологияларды жаппай тексеруді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

    Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері вице-министрден Астанадағы клиникалардың бірінде 3 жасар қыздың қаза табуына байланысты стоматологияларды жаппай тексеру мүмкіндігін сұраған еді.

    "Әрине, бұл өте сорақы әрі резонансты оқиға. Небәрі 3 жастағы сәби, обал. Ең алдымен, Денсаулық сақтау министрлігі көңіл айтады. Екіншіден, сот-медициналық сараптаманы Әділет министрлігі жанында сот-медициналық сараптама органдары жүргізеді. Бұл ретте белгілі бір тексеруді шынайы жүргізу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшылары тартылмайды. Стоматологиялық клиникаларды жаппай тексеруге қатысты айтар болсам, бүгінде мұндай жоспарымыз жоқ. Тексеру Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады", — деді Тимур Сүлейменов.

    Денсаулық сақтау министрлігі: Еліміздегі стоматологияларды жаппай тексеру жоспарда жоқ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.