jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шымкентте үш жасар баланың ішінен 16 магнит шықты

    Қол ұстасқан бала мен әке
    Қол ұстасқан бала мен әке. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Шымкентте үш жасар баланың ішінен 16 магнит шықты. Іші бүріп ауруханаға түскен балақайды рентгеннен өткізген дәрігерлер асқазанында бөгде зат бар екенін анықтаған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Балақай диаметрі 0,5 сантиметр болатын 16 магнитті жұтып қойған. Ата-анасы баласы ауырсынып мазасызданғасын оны ауруханаға әкелген. Дәрігерлер бөгде заттарды эндоскопия жолымен толық алып шығыпты. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Бала ауруханаға дер кезінде жеткізілген, дейді дәрігерлер.

    "Ота алды дайындықтан өткеннен кейін операция жасалды. Ота жасағанда асқазан, ішек жолында бөгде зат, яғни 16 дана магнит табылып, оны алып тастадық", - дейді Шымкент қаласы, балалар клиника ауруханасының хирургі Нұрғали Әбдікәрімов.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Шымкентте үш жасар баланың ішінен 16 магнит шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.