jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Бәрі энергетикалық сусындардан басталды": Алматыда жүрегін ауыстырған науқас дертінен жазылып шықты

    Жүрек суретін салып тұрған әйел
    Жүрек суретін салып тұрған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Алматы қалалық кардиология орталығында жүрек трансплантациясы жасалған алғашқы науқас дертінен жазылып шықты, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

    34 жастағы ер адамға созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Күту кезегінде тұрған азаматқа қараша айында 50 жастағы инсульт алған әйел донор болған. Күрделі операция 5 сағат бойы жасалды. Трансплантацияны Алматы мен Астананың білікті дәрігерлері бірлесе жүргізген. Қазір пациенттің жағдайы тұрақты.

    "Бәрі энергетикалық сусындардан басталды. Күніне бір-екіден бастап, жылдар бойы әр түрлі энергетиктерді күніне 10 бөтелкеге дейін ішетін деңгейге жеттім. Ауыр диагнозға тап болғанша мән бермедім. Ешкімге кеңес бермеймін. Ешкімге. Кардиологиялық медициналық орталық ұжымына алғысым шексіз. Мен өмір бойы бұл жақсылықтарыңызды ұмытпаймын", - дейді пациент.

    "Бәрі энергетикалық сусындардан басталды": Алматыда жүрегін ауыстырған науқас дертінен жазылып шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.