jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қандағы қант деңгейін төмендетеді": отандық ғалым цикорийдің диабетке қарсы тиімді әсерін анықтады

    ғалым Айжамал Байсейітова
    Ғалым Айжамал Байсейітова. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, жас ғалым Айжамал Байсейітова цикорий өсімдігінің қасиетін жан-жақты зерттеп, оның диабетке қарсы тиімді әсері бар екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеген. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Зерттеу барысында цикорий құрамындағы биологиялық белсенді заттардың қандағы қант деңгейін төмендетуге, сондай-ақ зат алмасу процесін реттеуге оң ықпал ететіні анықталған.

    Сонымен қатар адам ағзасында стресс әсерінен пайда болатын радикалдарға қарсы антиоксиданттық белсенділігі да бар екені белгілі болған. Бұл өсімдіктің денсаулықты нығайтудағы әлеуеті жоғары екенін көрсетеді.

    Ғалымның айтуынша, қазіргі таңда аталған ғылыми жоба аясында халықаралық ғылыми журналдарда екі мақала жарияланған.

    "Біздің мақсатымыз – емдік қасиеті бар өсімдіктер арқылы адам ағзасында жиі кездесетін ауруларға қарсы биологиялық белсенді қоспалар әзірлеу. Қазіргі уақытта цикорий өсімдігінің фитохимиялық және фармакологиялық қасиеттерін зерттеп жатырмыз. Бүгінге дейін оның диабетке және стреске қарсы белсенділігі анықталды.

    Алдағы уақытта вирустар мен бактерияларға, соның ішінде тұмау ауруына қарсы әсерін зерттеуді жоспарлап отырмыз", - деді Айжамал Байсейітова.

    Айжамал Байсейітова
    Ғалым Айжамал Байсейітова. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Айжамал Байсейітова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Химия және химиялық технология факультетінде дәріс береді. Сонымен қатар университет жанындағы Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығында қызмет атқарады. Ол Оңтүстік Кореядағы Кёнсан ұлттық университетінде магистратура мен докторантурада білім алып, докторлық дәрежесін сәтті қорғаған.

    "Қандағы қант деңгейін төмендетеді": отандық ғалым цикорийдің диабетке қарсы тиімді әсерін анықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.