"Бұл сынақтан өтемін": қанның қатерлі ісігіне шалдыққан батысқазақстандық дәрігер халықтан көмек сұрады
Жарияланған күні:
Батысқазақстандық дәрігер – 33 жастағы Гүлнұр Есенова жарты жылдан бері қанның қатерлі ісігімен күресіп келеді. Екі баланың анасы, 10 жылдық тәжірибесі бар терапевт күтпеген жерден дертке шалдыққанын айтады. Қазақстанда дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасаған, енді Қытайдағы емі үшін Гүлнұр Есенова халықтан көмек сұрайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Гүлнұрдың айтуынша, соңғы алты айда Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында "Лимфома Беркитта" деген диагнозбен ем алған.
Ол алғаш 2025 жылы маусымда төменгі ернінде нүкте көлемінде қан ұйығанын байқап, үш тармақты неврит (тройничный неврит) диагнозымен емделгенін жеткізді.
"Ауруым күшейіп жақ сүйегім, тісім, басым бәрі ауырды, сосын дәрігер физиоем қосты, оны 7 күндей алдым, жағдай жақсарған жоқ, түні бойы терлеп шығамын, солқылдап бас ауырады. Денемде қызыл дақтар пайда болды. Қабынуға қарсы ем қабылдадық. Көгерулер көбейіп жатты. Жолдасым қоймай тағы тексертті. Мен бұны лейкоз екен деп ойладым, ең бірінші ойым – бұл сынақтан қалай да өтемін" дедім", - дейді дәрігер.
Кейін шұғыл гемотология бөліміне түсіп, жілік сүйектен анализ алынып, ол Астанаға жіберілген. Қорытындысында "жасушалы лимфома" деген жауап келген.
Гүлнұр Есенова Ұлттық ғылыми онкология орталығында анализ нәтижелері дұрыс болмай, сол жерде жансақтау бөлімінде де жатқан. Орталықта 5 рет химиотерапия алып, омыртқа арасындағы жұлынға 16 химия, 60 рет қан мен тромбоцит құйылыпты.
"Қаңтар айында профессорым: "Қазақстан қолынан келгенді жасады, сізге тек Car t терапия өмір сүруге мүмкіндік" деді. Өмірім 180 градусқа өзгеріп, онкология, реанимация, бүйрек жеткіліксіздігін көрдім. Екінші рет олай болғанын қаламаймын", - дейді ол.
Гүлнұрдың туған-туыстары, жан жары оған дереу аталған ем-шара керегін түсініп, халықтан қаржы жинауды бастап кетті. Ол 18 қаңтарда Қытайға жолдасымен жол тартты.
"Қытайдағы дәрігерлер консилиум жасап, шешімін айтты. Пэт КТ нәтижесі бойынша ісік үлкейген және жұлынға тараған. CD20+,CD19+химиотерапия көмектеспегендіктен бірден 2 Car t терапия жасауды ұсынып тұр. Химиотерапия, 2 Car t терапия, текерсеулерге (900 мың юань ) 65 млн теңге қажет екен. Халқымнан көмек сұрауға мәжбүрмін", - деп Гүлнұр жанайқайын жеткізді.
Гүлнұр Есеновнаның еміне қаражатты төмендегі реквизиттер арқылы жіберуге болады:
Kaspi Gold 4400 4302 3141 9588
Телефон нөмірі: 8 777 860 3738 Cанат К (жұбайы)
Halyk bank 4405 6397 3685 0106
БЦК: 4899 9333 6362 0566
Freedom bank : 4002 8900 2456 9810
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз