"Өте қауіпті жағдай": үкімет басшысы балалар құмар фастфудқа қатысты тапсырма берді
Жарияланған күні:
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдерді дұрыс тамақтандыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Олжас Бектенов қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер фастфуд пен энергетикалық сусындарға құмар екенін айтып, Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берді.
"Ақмарал Шәріпбайқызы балалардың ішіп-жейтін тамағы маңызды мәселе. Бізде өкінішке қарай, балалар мен жасөспірімдердің көбісі фастфудқа, энергетикалық сусындарға құмар. Тіпті кей кезде оған тәуелді болып қалады. Осы қауіпке бәріміз бүкіл ел болып, қоғам болып тойтарыс беруіміз керек. Бұл – өте қауіпті жағдай. Ұсыныстар енгізіңіздер", - деді үкімет басшысы.
Айта кетелік, бүгін үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде әзірленген 2026-2030 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бірыңғай тұжырымдамасын таныстырды.
Бұл тұжырымдама шеңберінде балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігі және әл-ауқаты саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шаралар кешені көзделген.
Биылғы 1 ақпанынан бастап барлық білім беру ұйымына "тосыннан кіріп келу" қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау енгізіледі. Тексерулер балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану сапасына қатысты болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/medical-conditions/2336121-ote-qauipti-zhagdai-ukimet-basshysy-balalar-qumar-fastfudqa-qatysty-ministrlikke-tapsyrma-berdi/