jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Павлодарда медқызметкерлер ер адамды 40 минуттан кейін клиникалық өлім жағдайынан шығарды

    ауруханада жатқан ер адам
    Аурухана. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Павлодарда жедел жәрдем қызметкерлері 67 жастағы зейнеткерге дер кезінде реанимациялық көмек көрсетіп, 40 минуттан кейін клиникалық өлім жағдайынан шығарған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Басылымның жазуынша, 18 ақпанда облыстық жедел жәрдем станциясының диспетчерлік пультіне шұғыл шақырту түскен.

    Қоңырау шалған адам Павлодар қаласындағы емханалардың бірінде зейнеткердің есінен танып, тынысы тоқтап қалғанын хабарлаған. Шақыртудан кейін бес минут ішінде медициналық бригада оқиға орнына жеткен.

    Анықталғандай, медицина қызметкерлері жолда келе жатқан кезде айналасындағылар ер адамға өкпе-жүрек реанимациясын жүргізген.

    Оқиға орнына жеткен 103 қызметінің қызметкерлері зейнеткерге кеңірдек интубациясын жасап, жүрегіне электрлік дефибрилляция жүргізіп, жасанды өкпе желдету аппаратына қосқан.

    Осылайша, зейнеткер 40 минуттан кейін клиникалық өлім жағдайынан шығарылған. Ол облыстық кардиологиялық орталыққа жеткізілген.

    Қазіргі уақытта ер адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

    Павлодарда медқызметкерлер ер адамды 40 минуттан кейін клиникалық өлім жағдайынан шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.