jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жағдайы ауыр екі айлық сәби арнайы бортпен Таиландтан Алматыға шұғыл жеткізілді

    тасымалдау
    Тасымалдау. Фото: t.me/DenMinPR

    Жағдайы ауыр екі айлық сәби Таиландтан Алматыға жеткізілді. Оған медициналық авиация көмекке келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, 11 мамырда Пхукеттен Алматыға екі айлық сәби медициналық авиация арқылы жеткізілді.

    "Науқастың жағдайының ауыр болуына, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып тұрғанына және тұрақты оттегі қолдауын қажет етуіне байланысты медициналық тасымалдауды арнайы тасымалдау кювезінде жүргізу туралы шешім қабылданды.

    Тасымалдау ҰШМҮО медициналық авиация мобильдік бригадасы арқылы жүзеге асырылды. Бригада құрамында дәрігер Жасұлан Жұмғұлов, фельдшер Болат Шәріпов және неонатология департаментінің басшысы Асхат Қуанышбаев болды", - делінген хабарламада.

    Алматы қаласына келгеннен кейін сәби әрі қарай мамандандырылған ем алу үшін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жатқызылды.

    Министрлік өкілдері медициналық мамандарға кәсібилігі мен үйлесімді жұмысы үшін шынайы алғыс білдірді.

    Жағдайы ауыр екі айлық сәби арнайы бортпен Таиландтан Алматыға шұғыл жеткізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.