jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Паразиттік ауруларға себеп болуы мүмкін: суши мен ролл жеудің қаупі қандай

    Суши
    Суши. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті суши мен ролдарды тұтыну кейбір ауруларға сеп болуы мүмкін екенін ескертіп, өнімді таңдарда сақтық шараларын сақтауға шақырады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Комитеттің ресми сайтында хабарлауынша, суши мен ролдар эпидемиологиялық қаупі жоғары өнімдер қатарына жатады.

    Себебі оларды дайындау барысында шикі, аз тұздалған немесе маринадталған балық, теңіз өнімдері және басқа да тез бұзылатын ингредиенттер пайдаланылады. Мұндай өнімдер көбіне толыққанды термиялық өңдеуден өтпейді.

    "Дайындау, сақтау және өткізу технологияларының бұзылуы салдарынан мұндай өнімдер тағамнан улануға, жіті ішек инфекцияларына және паразиттік ауруларға себеп болуы мүмкін.

    Шығу тегі белгісіз шикізатты пайдалану, температуралық режим мен сақтау мерзімдерін сақтамау, өнімді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда дайындау, сондай-ақ оны рұқсат құжаттары жоқ жеке тұлғалар мен әлеуметтік желілерді қоса алғанда, бейресми арналар арқылы өткізу ең үлкен қауіп тудырады", - деп ескертеді мамандар.

    Комитет суши мен ролдарды рұқсат етілмеген сауда орындарынан және кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде ресми мәртебесі жоқ тұлғалардан сатып алмауды ұсынады.

    "Тұтынушылар аталған өнімді қауіпсіздік талаптарын сақтайтын, ресми түрде тіркелген қоғамдық тамақтандыру және сауда объектілерінен ғана сатып алуы тиіс.

    Балаларға, жүкті әйелдерге, қарт адамдарға және иммунитеті әлсіреген адамдарға ерекше сақтық таныту қажет, себебі сапасыз өнімді тұтыну олардың денсаулығына ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

    Тексерілген және сенімді мекемелерді таңдау арқылы сіз аурулардың туындау қаупін азайтып, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғайсыз", - дейді комитет өкілдері.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Боралдай кентінде 19 адам ауруханаға жатқызылғанын жазған едік. Олар сушиден улануы мүмкін.

    Паразиттік ауруларға себеп болуы мүмкін: суши мен ролл жеудің қаупі қандай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.