jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Комада жатып, дені сау бала босанған ару көпшілікті таңғалдырды

    : Facebook

    Жас қыздардың көбісі тиісті белгілер пайда болмай тұрып, өзінің жүкті екенін аңғармай қалып жатады. Бұл жағдай 18 жастағы британиялық Эбони Стивенсонның да басынан өткен. Бойжеткен комаға аяғының ауыр екенін білмей түсіп қалады. Алайда, ол оянған соң, өзінің ана атанып үлгергеніне мүлде сенбей қойған деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото: bigpicture.ru
    Фото: bigpicture.ru: Facebook

    Ұлыбританиядағы Олдем қаласының тұрғыны басы ауырып қоймаған соң, дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Алайда, еш нәрсе көмектеспегендіктен медицина мамандары аруды жасанды комаға жатқызған.

    Фото: bigpicture.ru
    Фото: bigpicture.ru: Twitter

    Алтыншы желтоқсан күні оянған Эбони өзінің балалы болғанын білгенде, біразға дейін өз-өзіне келе алмай жүрген. Жүктілік кезінде оның жүрегі айнымай, ол баланың ішін тепкенін де сезбеген. Оған қоса, қыздың етеккірі жалғаса берген. Сол себепті, ол өзінің балалы болғанына сене алмаған.

    Фото: bigpicture.ru
    Фото: bigpicture.ru: Facebook
    "Балапаныммен алғашқы кездесуімді сөзбен жеткізу мүмкін емес болды. Мен жақын арада мүлде балалы болуды ойламағанмын. Жоқ дегенде алдағы он жылда бала тумаймын деп шешекенмін. Бірақ, бүгінде мен жасөспірім кезімде ана атандым" , - деді Эбони.
    Фото: bigpicture.ru
    Фото: bigpicture.ru: Facebook

    Дәрігерлер Эбонидің ерекше жағдайы туралы бар шындықты ашты. Анықталғандай, бойжеткеннің екі жатыры бар болып шыққан. Кішкентай нәресте солардың бірінде, арқа жағында дами берген. Мұндай, ерекше құбылыс 3000 әйелдің бірінде ғана болады екен.

    Фото: bigpicture.ru
    Комада жатып, дені сау бала босанған ару көпшілікті таңғалдырды: Twitter

    Медицина қызметкерлері бұл оқиғаны нағыз ғажайыпқа теңеді. Себебі, мұндай диагнозға ие қыздар баласын ауыр босанатынын алға тартты.

    Оған қоса, Эбонидің денесінде орын алған құбылыстардың барлығы оның жүктілігмен тікелей байланысты болған. Дәрігерлер оны комаға түсірген уақытта ғана оның жүкті екенін анықтап, бірден босандыруға кіріскен.

    Фото: bigpicture.ru
    Фото: bigpicture.ru: Twitter

    Ақыр-соңы Эбониге үшінші желтоқсан күні кесарево жасалып, дүниеге Элоди есімді қыз келген. Алғашқы күндері жаңа туылған нәрестені Эбонидің анасы мен апасы қарап баққан. Сәбидің өз анасы тек төртінші күні бір-ақ оянған.

    Фото: bigpicture.ru
    Фото: bigpicture.ru: Facebook

    Медбикелер Эбониге оның баласын әкелген кезде, ару олардың шатасып кеткенін айтқан. Алайда, бойжеткеннің анасы оған болған жағдайды басынан аяғына дейін айтып берген соң, ол баласын бауырына басқан.

    Фото: bigpicture.ru
    Фото: bigpicture.ru: Facebook

    Қазіргі таңда, Эбони тағдырдың осылай болғанына қуанышты. Ол тіпті ерте ана атанғанына да өкінбейтінін айтты.

    Фото: bigpicture.ru
    Фото: bigpicture.ru: Facebook

    Комада жатып, дені сау бала босанған ару көпшілікті таңғалдырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.