jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Дәрігерлер әріптестеріне көмектесу үшін Атырауға бара жатыр

    : Original

    Тоңазытқышта үсіп қалған баланың өліміне байланысты жанжалдан кейін Атырауға республиканың әртүрлі аймақтарынан дәрігерлер жинала бастады. Қазір перинаталдық орталықтың бір блогы жабық, сондай-ақ мамандар жетіспейді деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған

    KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Еліміздің әртүрлі аймақтарындағы дәрігерлер пациенттердің көптігінен үлгере алмай жатқан әріптестеріне көмектесуге дайын.

    Басылымның хабарлауынша, денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлер келгенше кестемен жұмыс істеп жатыр. Перинаталдық орталықта нәресте өлімінен соң, блоктардың бірі жабылғаннан кейін осындай қажеттілік туындаған. Нәтижесінде диагноздары күрделі жүкті әйелдерді госпитализациялау тәртібін өзгертуге тура келді.

    Денсаулық сақтау вице-министрі Лаззат Ақтаеваның айтуынша, қазіргі уақытта блок жөндеуден өтіп жатыр. Ағынды-сорғылы желдетуді ауыстыруда.

    Министрдің орынбасары жөндеу жұмыстарына қаражат көктемнің басында бөлінгенін айтты. Байқау бүкіл жаз бойы өткізілген. Мердігер тек қыркүйектің ортасында ғана белгілі болыпты.

    Жөндеу жұмыстарына байланысты ғимараттардың бірін жауып, науқастарды басқа ауруханаларға қайта бөлу қажет болды. Пациенттердің көбеюіне байланысты Ақтөбе мен Нұр-Сұлтан дәрігерлері әріптестеріне көмекке бара жатыр.

    Еске сала кетсек, Атырау облысы перинаталды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, дәрігерлер нәресте өлімі фактісін жабу үшін пара бермек болған.

    Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева Атырау облысындағы периниталдық орталықта қайтыс болған сәбидің отбасынан кешірім сұрады.

    Кейінірек, Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Атырау облысындағы сәби өлімі туралы мәлімдеме жасап, оқиғаға қатысты министрліктің ұстанымын айтты.

    Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Дәрігерлер әріптестеріне көмектесу үшін Атырауға бара жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.