Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елжан Біртанов Атыраудағы нәресте өлімі туралы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Атырау облысындағы сәби өлімі туралы мәлімдеме жасады деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі.

Елжан Біртанов. Фото: KAZ.NUR.KZ
Елжан Біртанов. Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC
"Ең алдымен сәбидің жақындары мен отбасына барлық әріптестерімнің атынан көңіл айтамын. Бала өліміне әкеп соққан қасақана медициналық көмек көрсетпеу туралы айыпты естігенде таң қалдық", - деді министр Денсаулық сақтау министрлігінде өткен брифингте.

Біртанов оқиға бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымын жариялады.

"Біздің ұстанымымыз: тергеу нәтижесі мен барлық сараптамалардың жүргізілуін күту. Медициналық қызметкерлер тарапынан заңсыз әрекеттердің болған-болмағанын анықтау. Содан кейін ғана толыққанды пікір бере аламыз", - деді ол.

Сонымен бірге, министр оқиғаның қызу қоғамдық талқылауға түскенін және барлық медициналық қызметкерлерге күйе жағылғанын айтты.

"Меніңше, медициналық қызметкерлердің басым бөлігі өз еңбегін адал атқарып келеді. Сондықтан, жалпыға кінә артудың қажеті жоқ", - деді Е. Біртанов.

Еске сала кетсек, Атырау облысы перинаталды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, дәрігерлер нәресте өлімі фактісін жабу үшін пара бермек болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820559-elzan-birtanov-atyraudagy-nreste-limi-turaly-mlimdeme-zasady/

pixel