jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Аллергия тұқым қуалай ма: Отандық дәрігер пікір білдірді

    Емделу
    Көрнекі фото: pexels.com

    Аллергия атадан балаға беріліп, тұқым қуалауы мүмкін бе деген сауалға Алматыдағы №36 қалалық емхананың ЖТД бөлімінің бастығы Назым Құрманқұлова жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жалпы тәжірбие дәрігері Назым Құрманқұлова аллергияның тұқым қуалайтынын немесе жүре пайда болатынын түсіндірді.

    "Кез-келген нәрсеге аллергия толық берілмейді, бірақ аллергияға бейімділік тұқым қуалайды", - дейді сарапшы.

    Дәрігердің айтуынша, аллергия адамда кез-келген жаста, тіпті бұрын аллергиясы болмаған нәрселерден де пайда болуы мүмкін. Бұл иммундық жүйемен байланысты.

    Барлық аллергендер антигендер болып саналады және антигеннің адам ағзасына әсер еткен сайын антиденелер пайда болады.

    Денедегі антиденелердің жеткілікті мөлшерінде титр жоғарылайды, содан кейін аллергияның алғашқы белгілері пайда болуы мүмкін.

    "Аллергиямен ауыратындардың иммунитеті әлсіз емес. Жай ғана жеткілікті деңгейде жаттықтырылмаған", - деп сөзін жалғады Назым Құрманқұлова.

    Дәрігер аллергиямен ауыратындар қарапайым адамдар сияқты төзімді болуы мүмкін екенін жеткізді. Оның сөзінше, аллергия мен инфекцияға қарсы қорғаныс тікелей байланысты емес.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Назым Құрманқұлова гүлдену кезеңінде маскалар аллергиядан қорғай ала ма деген сұраққа жауап берген болатын.

    Аллергия тұқым қуалай ма: Отандық дәрігер пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.