Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бетперде аллергиядан қорғай ма: Білікті маман жауап берді

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Гүлдену кезеңінде маскалар аллергиядан қорғай ала ма деген сұраққа Алматыдағы №36 қалалық емхананың ЖТД бөлімінің бастығы Назым Құрманқұлова жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жалпы тәжірибе дәрігері Назым Құрманқұлованың айтуынша, өкінішке орай аллергияны маска көмегімен жеңілдету мүмкін болмайды.

"Дәрігерлердің айтуынша, қарапайым медициналық маскаларда өткізу қабілеті жеткіліксіз. Бұл дегеніміз, теориялық тұрғыдан маска аллергиямен ауыратындармен жұтылған тозаң пайызын төмендете алады, бірақ аллергия белгілері пайда болмауы үшін ол жеткілікті қорғалмайды", – дейді маман.

Дәрігер атап өткендей, аллергияға құрғақ климат қолайлы болып саналады. Бірақ бұл маусымдық аллергиясы барларға қатысты. Аллергияның басқа түрлері үшін климаттың өзгеруі ешқандай әсер етпейді.

Бұған дейін Назым Құрманқұлова қазақстандықтардың аллергияны суық тиюмен қалай шатастырмауға болатынын айтқан еді.

Оған қоса, өткен жылы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан азаматтарына симптомдары арқылы коронавирус пен аллергияны, тұмау мен суық тиюді ажырататын нұсқаулық ұсынған болатын.

Мамандардың айтуынша, коронавирус кезінде тыныс алу қиындап, дене қызуы көтеріледі, адам құрғақ жөтеле бастайды. Сондай-ақ, бас пен тамақ, буындар ауыруы мүмкін, әлсіздік пайда болуы ықтимал.

Коронавирус инфекциясынан күдіктенгенде бірден жедел жәрдем шақыру ұсынылады. Өздігінен ем қабылдамау қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910038-betperde-allergiyadan-qorgai-ma-bilikti-maman-zauap-berdi/

pixel