jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Вакцина әйелдерді бедеулікке әкелуі мүмкін бе: Акушер-гинеколог жауап берді

    екпе
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазір елемізде COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Осыған орай әйелдер арасында вакцинаның кері әсері туралы түрлі алып қашпа сөз тарап жүр. Олардың ішінде "вакцина бедеулікке ұшыратуы мүмкін" деген қауесет те бар. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі акушер-гинеколог Райхан Ізбасаровадан ақпараттың қаншалықты шындыққа сәйкес келетінін сұрап білді.

    Райхан Ізбасарованың сөзінше, вакцина репродуктивті жүйеге еш әсер етпейді.

    "Екпе бедеулікке әкеледі деген сөздерге сенудің қажеті жоқ. Қазір коронавирустан, әсіресе, "дельта" штамынан төніп тұрған қауіп өте жоғары. Індет жүкті әйелдерде ауыр өтеді. Оның үстіне бізде былтырдан бері ана өлімі көбейіп отыр. Сондықтан бала жоспарлап жүрген әйелдердің екпе салдырғаны дұрыс", - дейді маман.

    Сондай-ақ, Райхан Ізбасарова екпенің адам ағзасына енген соң, қандай реакция беретінін түсіндіріп берді.

    "Вакцина ағзаның иммундық торларын коронавирустың генетикалық материалының фрагменттерімен таныстырады, таныстықтан кейін вирустан қорғауға бағытталған антиденелер өндіріле бастайды", - дейді акушер-гинеколог.

    Әйелдерге кеңес беру бөлімшесінің меңгерушісі коронавирусқа қарсы антиденелері бар аналар оларды жаңа туған нәрестелеріне өз сүтімен емізген кезде бере алатынын да айта кетті.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының гинеколог дәрігерінен әйелдерге вакцинаны жүкті екенін білмей алып қойған жағдайда не болатынын сұрап білген едік.

    Одан бөлек, уролог ерлердің жыныстық қуатына вакцина қалай әсер ететінін айтқан болатын.

    Вакцина әйелдерді бедеулікке әкелуі мүмкін бе: Акушер-гинеколог жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.