jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    "Құрсағындағы сәби зардап шеккен": Алматыда отбасынан зәбір көрген жүкті әйелге тосынсый жасалды (фото)

    Жүкті әйелге көмек көрсетілді
    Жүкті әйелге көмек көрсетілді: Instagram

    Алматыдағы «Жан Сая» дағдарыс орталығына жүктіліктің жетінші айындағы келіншек түсті. Ол ауыр соққы салдарынан баратын жері қалмай, дағдарыс орталығын паналаған. Болашақ ана мен іштегі сәбиінің денсаулығы көпшілікті алаңдатып, мейірімді жандар көмегін аяған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қауіпсіздікті сақтау мақсатында келіншектің аты-жөні айтылған жоқ. Белгісі – отбасындағы зорлық-зомбылық пен ауыр соққы салдарынан келіншектің құрсағындағы сәбиі зардап шеккен. Дәрігерлер оған дәрі-дәрмек жазып берген. Алайда, жүкті әйелдің мұны алатын жағдайы да, баратын жері де жоқ.

    Осы орайда, дағдарыс орталығының қызметкерлері болашақ ана үшін көпшіліктен көмек сұраған болатын.

    «Кеше жарты күн ішінде бізден көмек алып жатқан жүкті келіншекке қажетті заттар жиналды. Біз оған дәрі-дәрмек пен перзентханаға арналған сөмке жиынтығы керектігін жазған едік. Қажетті заттардың тең жартысын «Альфа және Омега» шіркеуінің өкілдері әкеліп берді. Ал өте қажетті дәрілер мен перзентханаға арналған заттардың жинағын Александа есімді келіншек салып жіьерді.

    Оның өзінің де аяғы ауыр екен. Сондықтан, жүкті келіншектің ауыр жағдайы оны бей-жай қалдырмаса керек. Ол қажетті заттарды жеткізу қызметі арқылы бізге салып жіберді. Қазір орталықта тұрып жатқан болашақ ананың қуанышында шек жоқ. Босанатын уақыты жақындап қалған соң, ол перзентханаға қажетті заттарды жинап үлгермейтінін ойлап, қатты уайымдаған еді.

    Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтың және болашақ ананың атынан көмек көрсеткен жандарға шексіз алғысымызды білдіреміз», - делінген орталықтың әлеуметтік желідегі жазбасында.

    "Құрсағындағы сәби зардап шеккен": Алматыда отбасынан зәбір көрген жүкті әйелге тосынсый жасалды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.