jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Карьера, жұмысты кейінге қалдыру керек": Дәрігер тұрмысқа кеш шығатын қыздарды не күтетінін айтты

    Ноутбук және телефон арқылы жұмыс істеп отырған қыз
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Гинеколог-дәрігер Үміт Өтеген "Хабар" арнасындағы АйнаLine жобасында қонақ болып, қыздардың тұрмысқа ерте шығуының маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Әйелдің негізгі міндеті - ана болу. Әйел адамда аналық жасуша барын бәріміз білеміз. Ал жас ұлғайған сайын аналық жасушаның саны да, сапасы да азая береді. Мысалы, бір қап алмаңыз бар делік. Сіз алғашында ең дәмді, ең тәттілерін жеп тастайсыз. Соңына қарай дәмсіз, түрі жаман алмалар қалады. Аналық жасуша да дәл солай. Уақыт өткен сайын аналық жасушаның саны азайып, әйелдердің бала көтеру мүмкіндігі төмендейді.

    Жас ұлғайған соң сәби көтергеннің өзінде түсік тастау, баланың іште дамымай қалуы сынды мәселелер шығады алдан. Сәби қырық аптаға жетсе де, әртүрлі акушерлік патологиялармен туылуы мүмкін. Сондықтан ертерек тұрмысқа шығып, бала туу функциясын бірінші орындау қажет", - дейді дәрігер.

    Сондай-ақ Үміт Өтеген қыздарға мансап пен жұмысты екінші орынға қоя тұру қажеттігін айтты.

    "Өз басым карьера, жұмыс дегенді қоя тұру керек деп ойлаймын. Негізі, әйелдер үшін босануға ең ыңғайлы жас - 22 мен 28 жас аралығы. Бірақ біз 40, 45-ке келген әйелдер босана алмайды деп айтпаймыз. Тек мына түсініктен ада болу керек. "Қырықтан асып туып жатқандар бар", - деп пікір айтатындар көп. Егер қырықтан асқан жүз әйел бала көтерді десек, ең соңына дейін барып, дені сау баланы өмірге әкелетіндер саны аз. Осыны түсінуіміз керек", - деді гинеколог маман.

    "Карьера, жұмысты кейінге қалдыру керек": Дәрігер тұрмысқа кеш шығатын қыздарды не күтетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.