jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Педиатр балалар үшін ең зиянды тәттілерді атады

    Шоколад жеп тұрған бала
    Шоколад жеп тұрған бала. Көрнекі фото: Рexels.com

    Дәрігер-педиатр Елена Игринева балалар үшін ең зиянды тәттілерді атады, деп жазады KAZ.NUR.KZ RT басылымына сілтеме жасап.

    Елена Игриневаның айтуынша, тәттілердің ең нашары – мұз кәмпиттер, иристер және шайнайтын кәмпиттер.

    "Олар баяу ериді және тіске жабысып қалатындықтан эмальдың бұзылуына және кариестің дамуына әкелуі мүмкін. Оларды табиғи жеміс-жидек шикізатынан жасалған пайдалы аналогтармен алмастыру керек. Оған мармелад, зефир және пастила жатады", - дейді дәрігер.

    Педиатр бала тәттіні көп жесе, онда аллергиялық реакция пайда болуы мүмкін екенін де ескертті.

    Оның сөзінше, орта есеппен мектеп жасына дейінгі балаға бір күнде денсаулығына зияны жоқ тәттінің бір түрін жеуге болады. Оларға шоколадты екі кәмпит, мармеладтың екі кесегі, бір вафли, зефир немесе пастила жатады.

    Сонымен қатар Елена Игринева семіздікке ұшыраған немесе атопиялық дерматит және қант диабеті бар балаларға тәттіден бас тартуға немесе шектеуге кеңес береді. Тәттіні жидектермен, көкөністермен, жемістермен, жаңғақтармен және сүт өнімдерімен алмастырған абзал дейді маман.

    Педиатр балалар үшін ең зиянды тәттілерді атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.