jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Маңғыстауда үшем дүниеге келді

    Көрнекі
    Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

    Маңғыстау облысында осы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. Сәбилерге Ясмина, Алина, Адина есімдері берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Басылымның жазуынша, Мұнайлы ауданының 24 жастағы тұрғыны Гүлдана Сахи бірден 3 баланың анасы атанды. Көптен күткен нәрестелер "Аңсаған сәби" бағдарламасы арқылы дүниеге келген. Олардың біреуі 1 келі 850 грамм, екеуі 1 келі 600 грамм салмақпен туған.

    Қазір нәрестелер емдеп-жетілдірудің екінші сатысында ем қабылдап жатыр. Бөбектердің жағдайы жақсы, салмақ қосып келеді.

    "Жас ананың жағдайы жақсы. Ана мен сәбилердің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрі жасалды. Әзірге облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығында дәрігерлердің бақылауында болады", - деді Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы директорының орынбасары Шолпан Балмағанбетова.

    Айта кетейік, 2022 жылы "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша облысқа 267 квота бөлінген. Нәтижесінде 68 отбасы балалы болған.

    Маңғыстауда үшем дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.