jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    "Салмағы 6 келіден асады": Қарағандыда алып бала дүниеге келді

    Қарағандыда туған алып бала анасымен
    Алып бала анасымен. Фото: Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы

    Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының №1 перинаталдық орталығында салмағы 6 200 грамм болатын алып сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Қазақпарат.

    Агенттіктің жазуынша, алып бала ата-анасына ғана емес дәрігерлер үшін де тосын сый болған.

    Белгілі болғандай, әйел перзентханаға толғағы жиілей түскенде жеткізілген. Дәрігерлер сәбидің салмақты болатынын алдын ала пайымдаған.

    Себебі, отбасындағы бұған дейінгі бала 4600 грамм салмақпен дүниеге келген.

    "Босану асқынусыз болған жоқ, бірақ бригада шұғыл жұмыс істеді. Нәтижесінде, ана мен бала үшін барлығы сәтті аяқталды, дәрігерлер екеуінің де жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр", – дейді облыстық клиникалық аурухананың басшылығы.

    Айта кетейік, алып сәби отбасындағы үшінші бала.

    "Салмағы 6 келіден асады": Қарағандыда алып бала дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.