jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте 31 жастағы әйел алты келілік ер баланы табиғи жолмен дүниеге әкелді

    Дәрігерлер алты келілік сәбимен бірге
    Дәрігерлер алты келілік сәбимен бірге. Фото: instagram/gorzdravshymkent

    Бүгін Шымкенттегі №2 ауруханаға қарасты перзентханада салмағы 6 келі ер бала дүниеге келді. Ата-анасы сәбиге Алпамыс деп ат қойған, деп хабарлайды Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Батыр баланы 31 жастағы келіншек өмірге әкелген. Бөбек анасының үшінші перзенті екен. Білікті дәрігерлер алып сәбиді іштен жарып алмай, анасын табиғи жолмен босандырып алды. Алып сәбиді ата-анасы Алпамыс деп атады.

    Қазір батыр бала да, оның анасы да өздерін жақсы сезінуде. Дәрігерлер оларды келер аптада өз үйлеріне жібермек. Тек алып салмақпен туылған сәбиге ерекше күтім жасап, алдағы уақытта оның салмағын қадағалау қажет дейді мамандар.

    "1992 жылғы жүкті әйел 10.05.2023 түнгі сағат 01:05-те №2 қалалық аурухананың перзентханасына жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Сәбидің салмағы ауыр екені де анықталды. 10 мамыр күні таңғы сағат 07:30-да батыр ұл бала дүниеге келеді. Салмағы - 6000,0 гр, бойы – 65 см. Әйел өзі табиғи жолмен босанды"-дейді мамандар.

    Жүкті әйелді босану бөлімшесінің меңгерушісі Қарлығаш Әлжанова, акушерлер Зарипа Дарханбекова мен Шолпан Жанысбекова және неонатолог Сапаркүл Нұғманова қабылдап алған.

    Шымкентте 31 жастағы әйел алты келілік ер баланы табиғи жолмен дүниеге әкелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.