jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде бір айда жүзден аса бала қызылша жұқтырған

    Қызылша ауруы
    Қызылша ауруы. Фото: turkystan.kz

    Ақтөбеде бір ай ішінде жүзден аса бала қызылша жұқтырған. Мамандар бұл ауру уақытылы екпе алмағандықтан таралып жатқанын айтуда, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Арна мәліметінше, вакцина алғандарға бұл ауру жоламайды. Облыс бойынша қызылша жұқтырған 380 адамның барлығы дерлік дер уақытында екпе алмағандар.

    Сонымен қатар "КТК" арнасының мәліметінше, жұқпалы аурудың оқушылар арасында жылдам таралуына байланысты білім ошақтары карантинге жабылады деген әңгіме тараған. Алайда мамандар бұл сөзді жоққа шығарды. Тек тұмауға қатысты мектепте бір сынып оқушыларының отыз пайыздан астамы ауырса, карантин жарияланады. Ал қызылшаға қатысты ондай шара қолданылмайды.

    "Мысалы, бір сыныпта тіркелсе, ауру анықталып, онымен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтайды. Қарым-қатынаста болған адамдар 30 жасқа дейін қайтадан эпидкөрсетілім бойынша егіледі. Екпесі болмаған жағдайда, бақылауда болады. Мектеп карантинге жабылмайды", - деді Ақтөбе облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.

    Ақтөбеде бір айда жүзден аса бала қызылша жұқтырған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.