jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Отбасындағы сегізінші перзент": Қызылорда облысында алып сәби дүниеге келді

    Алып сәбидің анасы Айгүл Дүйсебаева
    Айгүл Дүйсебаева жаңа туған ұлымен бірге. Фото: instagram.com/anamenbala_kzo

    Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 23 қарашада салмағы 6 кг-ға жуық ұл бала дүниеге келді. Сәби – отбасындағы сегізінші перзент, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ медициналық мекеменің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

    Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген нәрестенің салмағы 5,6 кг-ні, бойы 57 сантиметрді құраған.

    Сәбиді 37 жастағы көпбалалы ана, Жаңақорған ауданының тұрғыны Айгүл Дүйсебаева жүктіліктің 42 аптасында өмірге әкелген. Білікті дәрігерлер әйелді кесарь тілігі отасы арқылы босандырып алған.

    Перинаталдық орталықтың мәліметіне сүйенсек, бөбек отбасындағы сегізінші перзент. Алып сәбиге ата-анасы Қанағат деп ат қойған.

    "Қазір батыр бала да, оның анасы да өздерін жақсы сезінуде. Тек ірі салмақпен туған сәбиге ерекше күтім жасап, алдағы уақытта оның салмағын қадағалау қажет", - дейді мамандар.

    Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында жыл басынан бері салмағы 4 келіден асатын 1546 сәби, ал салмағы 5 келіден асатын 38 бала дүниеге келген.

    "Отбасындағы сегізінші перзент": Қызылорда облысында алып сәби дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.