Атырауда жансақтау бөлімінде сәби көз жұмды
Опубликовано:
Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде сәби көз жұмды. Ол бір апта бұрын жағдайы жақсарғандықтан ауруханадан шығарылған, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.
Басылым жазуынша, 23 желтоқсанда Атыраудағы №2 облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр жіті вирустық инфекция мен пневмонияның асқынуынан 2023 жылы туған нәресте көз жұмған.
Белгілі болғандай, сәби 9-15 желтоқсан аралығында ЖРВИ және жедел бронхит диагнозымен ауруханада емделген. Жағдайы жақсарған соң үйіне шығарылып, ауруханадан шыққан кезде мекенжайы бойынша актив №1 емханаға бекітілген. Екі күннен кейін баланың ата-анасы емдеу мекемесіне қайта барып қаралған.
Сәби 21 желтоқсанда жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріліп, жөтелінің күшеюіне байланысты ауруханаға қайта жатқызылған.
№2 Атырау облыстық ауруханасы әкімшілігінің мәліметінше, қойылған диагноз негізінде сәбиге емдеу хаттамасына сәйкес емдік-диагностикалық шаралар тағайындалған.
23 желтоқсанда нәресте ауыр жіті вирустық инфекция мен пневмонияның асқынуына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылған. Алайда жүргізілген барлық жансақтау шарасына қарамастан көз жұмған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/motherhood/2052756-atyrauda-sabi-zansaqtau-boliminde-koz-zumdy/