jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Атырауда 6 айлық сәби абайсызда сим-карта жұтып қойған

    мобильді телефонның сим-картасы
    Мобильді телефонның сим-картасы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Атырауда 6 айлық сәби абайсызда мобильді телефонның сим-картасын жұтып қойған. Анасы сәбидің жөтелуіне байланысты жедел жәрдем стансасына хабар берген, деп хабарлайды Kazinform.

    Атырау облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз Баймолдаеваның айтуынша, диспетчер бөбектің анасы мен кеңес беретін дәрігерді байланыстырған.

    "Мұндай жағдайда абыржымау қажет. Бұл біздің стансаның қызметкерлеріне де байланысты қадам. Диспетчер телефонмен хабарласқан ананы дәрігер-кеңесшінің пультіне ауыстырған", - дейді ол.

    Ал кеңесші дәрігер Гүлнәз Қырықбаева баланың туыстарына алгоритм бойынша қадамдық іс-қимыл жасау жөнінде кеңес берген.

    "Ол телефон арқылы алғашқы медициналық көмек көрсетудің әдістерін түсіндірді. Кеңесші дәрігердің телефонмен айтқан нұсқауымен туыстары сәбидің тыныс алу жолына түскен бөгде затты шығарып алды", - дейді Наргиз Баймолдаева.

    Жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері шақырту бойынша оқиға орнына келіп, сәбиге медициналық көмек көрсеткен.

    Атырауда 6 айлық сәби абайсызда сим-карта жұтып қойған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.