jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жүрегін уақытша тоқтатқан: Түркістанда жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасалды (видео)

    Дәрігерлер нәрестеге ота жасап жатыр
    Дәрігерлер нәрестеге ота жасап жатыр. Скриншот: youtube.com/@tvotyrar

    Түркістан облысы балалар ауруханасының дәрігерлері туғанына 10 күн болған нәрестенің жүрегіне ашық ота жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz басылымының Youtube-тегі арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дәрігерлер алдымен нәрестенің жүрегін уақытша тоқтатып, жасанды қан айналдыру аппаратына қосқан. Күрделі ота еліміздің бас балалар кардиохирургы Дмитрий Горбуновтың және ауруханадағы балалар кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Талғат Бердібековтің қатысуымен жасалды.

    "Қазір операция залында 10 күндік нәрестені хирургиялық емдеудің соңғы кезеңі жүріп жатыр. Оның өте күрделі жүрек ақауы бар және біз түбегейлі түзетулер жасадық. Қазір біз жүрек-өкпе айналымына шықтық. Мұнда көптеген фактор бар. Ең бастысы жүрек қызметін жақсартуымыз керек", - деді Дмитрий Горбунов.

    Кардиохирург Талғат Бердібековтің айтуынша, мұндай сәбилерге екі апта ішінде ота жасалмаса, ол шетінеп кетуі мүмкін. 10 күндік шақалаққа жасалған ота сәтті өтті. Қазір нәрестені дәрігерлер бақылауына алған.

    Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері тәжірибе алмасу отасынан бөлек, корпоративтік қордың бір топ мамандарымен бірігіп, жүрегі ауыратын балаларға диагностикалық тексерулер жүргізіп, кеңес берді. Статистикаға сай, 2014 жылдан бері облыстық аурухана дәрігерлері туабітті жүрек ақауы бар балаларға 3020 ота жасаған.

    Еске салайық, жас жігіттің жүрегін салдырған 58 жастағы Шымкент тұрғыны жағдайы туралы айтқан еді.

    Жүрегін уақытша тоқтатқан: Түркістанда жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.