jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында 27 жастағы келіншек үшем дүниеге әкелді (фото)

    Үшем дүниеге келді
    Үшем дүниеге келді. Фото: t.me/turkistanoblysy

    Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында үшем өмірге келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    27 жастағы Назима Эгамбердиева екі ұлынан кейін екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелді. Нәрестелерге Хасан, Фатима, Хусан деген есімдер берілді. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйге шығарылды. Көпбалалы отбасы атанған жанұя Сайрам ауданы Ақсу елді мекенінде тұрады.

    Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни, жүктіліктің 34-аптасында жоспарлы кесір тілігі арқылы дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 2 кг 430 грамм, екіншісі 2 кг 490 грамм, үшіншісі 1 кг 730 грамм болды. Алғашында нәрестелерге медициналық көмек қажет болған.

    Дәрігерлердің айтуынша, үшемдер туған кезде аппаратта жатқан. Оларды алғашқы күндері жоғары күтімге мұқтаж нәрестелер бөлімшесінде ақ халаттылар бақылаған. Қазіргі таңда нәрестелердің жағдайы жақсы, медицина қызметкерлерінің көмегінен соң үшемдер жақсы салмақ қосып, ана сүтін қанағаттарлықтай еміп жатыр екен.

    Үшем дүниеге келді
    Үшем дүниеге келді. Фото: t.me/turkistanoblysy

    Түркістан облысында 27 жастағы келіншек үшем дүниеге әкелді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.