jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында полицейлер перзентханаға жедел жеткізген әйел аман-есен босанды

    Жүкті әйел
    Жүкті әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

    Түркістан облысында полицейлер перзентханаға жедел жеткізген әйел аман-есен босанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Облыстық ПД мәліметіне сүйенсек, жергілікті тұрғын полицейлердің әрекетіне алғысын айтып, бейнежазба жолдаған. Ер адамның сөзінше, ол ай-күні жетіп, толғағы қысқан әйелін перзентханаға жеткізбек болған. Алайда кешкі қарбалас уақытта көлік кептелісіне, өзіндік басқа да қиындықтарға тап болған. Осы кезде патрульдік полиция батальонының қызметкерлерін көріп, бірден көмек сұрайды.

    Келес елдімекені тұсында қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері жүкті әйелді перзентханаға жеткізу үшін бірден қызметтік көліктің дабылын қосып, жол бастаған. 15 шақырымды артқа тастап, нәтижесінде ерлі-зайыптылардың көлігі Сарыағаш қаласында орналасқан перзентханаға жетіп, аяғы ауыр әйел аман-есен босанып алған.

    "Бұл – тәртіп сақшылары Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Айбек Тоқсанбаев пен Қанат Айнабеков. Адам өміріне қатысты қандай жағдай болса да бей-жай қарамай, шұғыл әрекет ететін сала қызметкерлері бүгінде батырлық пен батылдықтың үлгісі іспетті", - делінген Түркістан облыстық ПД Instagram-дағы парақшасында.

    Түркістан облысында полицейлер перзентханаға жедел жеткізген әйел аман-есен босанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.