jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте дәрігерлер халықаралық шеберлік сыныбында біліктілігін арттырды

    Дәрігер
    Дәрігер. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте дәрігерлер халықаралық шеберлік сыныбында біліктілігін арттырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шеберлік сыныбы туа біткен ақауларды ерте кезеңде диагностикалаудың заманауи жүйесін меңгеруге бағытталды.

    Ресейден арнайы шақыртылған жоғары санатты медицина мамандарының жетекшілігімен жүргізілген шеберлік сабақтарында жергілікті дәрігерлер әйелдерге жүргізілетін скрининктік тексерулердің тың әдестерін меңгерді.

    Олар Voluson Expert-22 сараптамалық санат аппаратын қолдана отырып, жүктіліктің ерте кезеңіндегі ұрықтың патологиясын анықтаудағы диагностикалаудың жаңа тәсілдерін меңгерді.

    Айта кетейік, Шымкент қалалық перинаталдық базасында ашылған бір күндік клиникасында жүкті әйелдерге туа біткен ахауларды дер кезінде анықтау бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі.

    Шымкентте дәрігерлер халықаралық шеберлік сыныбында біліктілігін арттырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.