"Салмағы 7 келіден асады": Өзбекстанда көктемнің алғашқы күнінде алып қыз бала дүниеге келді
Опубликовано:
Ташкент облысының Янгиюль қаласындағы ауданаралық перинаталдық орталықта салмағы 7 келіден асатын қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, нәрестенің салмағы – 7 келі 3 грамм.
Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Анасы мен қызы дәрігерлердің бақылауында.
Анасы сәбиін кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелген. Нәресте отбасындағы – төртінші бала.
Министрлік өкілдері былтыр қараша айында да Өзбекстанда салмағы жеті келіге жуықтайтын алып сәбидің дүниеге келгенін атап өтті. Ол кезде салмағы 6 келі 865 грамм болатын ұл бала Ташкент облысының Нурафшан қаласында туған.
Айта кетейік, салмағы 5, 6 келіден асатын алып сәбилердің дүниеге келуі біздің елімізде де тіркеліп жатады. Мысалы, былтыр Шымкентте қазан айында салмағы 6,5 келі болатын ұл бала дүниеге келген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/motherhood/2225033-salmagy-7-keliden-asady-tashkentte-koktemning-algashqy-kuninde-alyp-qyz-bala-duniege-keldi/