jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Еліміздің оңтүстігінде салмағы 7 келідей алып сәби дүниеге келді

    нәресте
    Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте салмағы 7 келіге жуық алып сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Шымкент қалалық №2 аурухана перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз салмағы 6700 грамм сәбиді өмірге әкелді. Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай", - делінген хабарламада.

    Ұл бала отбасындағы алтыншы перзент. Көпбалалы ана бұған дейін төрт ұл, бір қызды дүниеге әкелген.

    "Қазіргі таңда ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Ең таңғаларлығы – алып баланы анасы өзі босанды, ота да, күрделі араласу да қажет болмады", - дейді Шымкент денсаулық сақтау басқармасындағылар.

    Жалпы, жыл басынан бері Шымкентте 6719 сәби дүниеге келген. Оның 3271-і қыз, 3448-і ұл бала.

    Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында салмағы 5760,0 грамм, бойы 61 см болатын алып сәби дүниеге келгенін жазған едік.

    Еліміздің оңтүстігінде салмағы 7 келідей алып сәби дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.