jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    35 жастағы ақтөбелік келіншек он екінші баласын дүниеге әкелді

    жаңа туған нәресте
    Жаңа туған нәресте. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық перзентханасында 35 жастағы келіншек он екінші баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Диапазон басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның жазуынша, жаңа туған нәрестенің аты – Мұхаммед-Әли. Анасы мен ұлы 27 мамырда перзентханадан үйлеріне шығарылған.

    "Жаңа туған ұл баланың салмағы – 3400 грамм, бойы – 55 см. Дүниеге келген кезде және перзентханадан шығаратын уақытта сәбидің жағдайы қанағаттанарлық, ешқандай шағым болмады. Анасымен бірге үшінші тәулікте үйлеріне шықты", - дейді Шалқар аудандық ауруханасының дәрігер-неонатологы Жанна Досова.

    Дәрігердің айтуынша, 12 баланың ішінде егіздер де бар.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 39 жастағы ақтөбелік ананың он бірінші баласын дүниеге әкелгенін жазған едік.

    Сондай-ақ 27 мамырда №66 "Астана – Жезқазған" бағытындағы пойызда қыз бала дүниеге келді.

    35 жастағы ақтөбелік келіншек он екінші баласын дүниеге әкелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.